Saturday, 23 November,2024

Павлодарда танысын өлтіріп, мәйітін ауласына көміп тастаған ер адамға сот үкімі шықты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Павлодардың 31 жастағы тұрғыны 59 жастағы танысын өлтіргені үшін 10 жылға сотталды. Екеуара жанжал ішімдіктің кесірінен болған. Полицейлердің айтуынша, күдікті танысын тұншықтырып өлтіріп, мәйітті ауласына көміп тастаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 31 жастағы ер адамға үкім шығарды. Кісі қанын мойнына жүктеген қаскөй 10 жыл ғұмырын темір тордың ар жағында өткізетін болды.

“2 қаңтар күні Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінің кезекші бөліміне павлодарлық ерікті түрде келді. Ер адам 2022 жылдың қыркүйек айының ортасында өзінің 59 жастағы танысын өлтіргенін хабарлады. Ер адам сол күні тұрғылықты жеріндегі үйде алкогольдік ішімдіктер ішу барысында танысы екеуінің арасындағы жанжал кезінде оны тұншықтырып өлтіргенін айтты. Мәйіт өзі тұрған үйдің ауласына көмілген”, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Ұсынылатын