Павлодарда туған қызын екі жыл бойы зорлап келген әке іздестіріліп жатыр
Өз қызына бірнеше жылдан бері зорлық көрсетіп келе жатқан ер адам іздестіріліп жытыр, деп хабарлайды Uaqyt.info El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Павлодар облысының полиция департаменті іздестіруге учаскелік полиция қызметкерлері де, облыс оперативтері де қосылғанын хабарлады.
“Оның геолокациясы барлық аумақтық полиция бөлімшелері мен шекара қызметтеріне жіберілді. Анасының өтініші бойынша ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Жәбірленушінің айтуынша, әкесінің зорлық-зомбылық әрекеттері 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін жасалған.
Оған дейін жәбірленуші мен оның анасы полицияға жүгінбеген.