Павлодарда үш жасар бала терезеден құлап, көз жұмды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Павлодарда көпқабатты үйдің терезесінен 3 жасар сәби құлап, мерт болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Pavlodarnews.kz басылымының жазуынша, кішкентай бала 9-қабаттағы терезеден құлаған. Соның салдарынан 3 жастағы бала оқиға орнында тіл тартпай кетті.
«Баланың терезеден құлауына қатысты шақырту сағат 18:32-де келіп түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 3 минутта жетті», - делінген хабарламада.