Monday, 16 September,2024

Павлодарда жасөспірім қыз 8-қабаттан құлап мерт болды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Павлодарда 1 жасар қыз мерт болды. Ол 10 қабатты тұрғын үйдің 8-қабатынан құлаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды. Дерекке сүйенсек, оқиға 15 қыркүйекте сағат 21:30-да болған. Облыстық жедел жәрдем станциясына шұғыл келіп түскен мәлімет бойынша, жасөспірім сол маңда көз жұмған.

"Максим Горький көшесінде орналасқан 10 қабатты үйдің сегізінші қабатынан 2009 жылғы қыз бала құлап, өмірімен сәйкес келмейтін жарақаттардан мерт болды. Медициналық топ бірінші жеделдік санаты бойынша оқиға орнына аттанды. Фельдшерлер діттеген жерге үш минутта жетті. Оқиға орнына жеткен ақ халаттылар 2009 жылғы қыздың өлімін тіркеді", - делінген ақпаратта.

Ұсынылатын