Friday, 22 November,2024

Павлодарда жетім қызды жабылып зорлағандарға қатысты сот үкімі шықты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Павлодарда кәмелетке толмаған, Жастар үйінің тәрбиеленушісін зорлау ісі бойынша сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы 16 жастағы қызды үш жігіт жабылып зорлаған болатын. Сол қорлықтан кейін кәмелетке толмаған жәбірленуші 10 қабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен еді. Құдай сақтағанда, ол аман қалды. Бірақ денсаулығына айтарлықтай зақым келген.

Осы іс бойынша айыпталғандардың бірі 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылса, қалған екеуі ҚК 434-бабы "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша төрт жылға сотталды. Белгілі болғандай, қызды үш жігіттің тек біреуі ғана зорлаған.

"Оқиғадан кейін, қыз секіріп кеткен соң, олар жедел жәрдем шақырмаған. Бірақ оқиғаға куә болғаны. Ештеңе болмағандай тарап кетті", - дейді Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер басқармасының судьясы Бақыт Нұрланов.

Ұсынылатын