Павлодардағы концерт кезінде 16 бала жоғалып кетті
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Павлодардың орталық алаңында өткен концерт кезінде 16 бала жоғалып кетті. Ауқымды іс-шараға 40 мыңға жуық адам жиналған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, концерт кезінде 16 бала жоғалып кеткен. Іздестіру шаралары барысында олар ата-аналарына табысталды. Бұдан бөлек 11 ата-анаға балаларын қараусыз жібергені үшін хаттама толтырылды.
Айта кетейік, концертте эстраданың жарық жұлдыздары өнер көрсетті. Олардың арасында жақында ғана үйленген Райм мен Ерке Есмахан да бар.