Friday, 20 September,2024

Педагогтерге, мектеп әкімшіліктеріне сыйлық жасауға тыйым салынады – вице-министр

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова ұстаздарға және мектеп әкімшіліктеріне ата-аналардың қаржы жинап, сыйлық жасауына тыйым салынатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Шолпан Каринова ОКҚ брифингінде айтты.

“Салтанатты түрде аттестат тапсыруды өткізген кезде педагогикалық этиканы сақтап, сыбайластық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараны өткізуде аниматорларды, мерекелік кеш  ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдап шақыру үшін қаражат жинауға тыйым салынады және педагогтерге, мектеп әкімшіліктеріне сыйлық жасауға ешқандай қаржы ата-аналардан жинауға тыйым салынады", - деді Каринова.

Ұсынылатын