Sunday, 8 December,2024

Педофил полицейлердің 14 жастағы қызды зорлағаны рас болып шықты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Бұған дейін ғаламторда екі полиция қызметкерінің кәмелетке толмаған қызды зорлады деген ақпарат тараған болатын. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі резонанс туғызған мәселеге қатысты жауап берді. Ондағылардың айтуынша, бұрын полиция сапында жұмыс істегендер қазір қамауда отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Биыл 7 қарашада полицияға Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны бұрын белгісіз болған екі адамның кәмелетке толмаған қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы арызбен жүгінді. Сол күні ҚР ҚК-нің 120-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша екі қылмыстық іс тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жеке басын анықтап, 2000 және 2001 жылы туған күдіктілерді ұстады. Тергеу нәтижелері бойынша олар қамауға алынды", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Uaqyt.info педофил полицейлер туралы бұған дейін жазды.

Ұсынылатын