Sunday, 24 November,2024

Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Депутат Асхат Аймағамбетов БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында елдегі құмар ойындар, педофилдер сынды бірқатар мәселе бойынша заң жобалары ұсынылатынын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Біз бірнеше заң жобасын дайындап, келесі немесе осы аптада Үкіметке қорытынды жасауға жібереміз. Қазір жалпы жұмыс мәресіне жетіп қалды. Соның ішінде өте маңызды нормалар бар. Біріншіден, педофилдердің өмір бойына бас бостандығынан айыру мәселесі бар. Бұдан басқа оларды тиісті зарарсыздандырудан өткізу бастамасы бар. Қазір кейбірі өтеді, кейбірі өтпейді. Мұның алдында қамалғандар бостандыққа шығатын болса, міндетті түрде зарарсыздандырудан өткізу мәселесін қарау керек деп санаймыз", - деді Аймағамбетов.

Сонымен қатар ол букмекерлік кеңселер, лотоматтар мәселесін де қозғады. Тіпті кейбір ауруханаларда, дүкендерде лотоматтардың  тұрғанын масқара жағдай екенін алға тартты. Сөзінше бұл балаларды жастайынан құмар ойынға тәрбиелейтін көрінеді.

Ұсынылатын