Періштесі қақты. Ақтөбе облысында құдыққа бір жасар бала құлап кетті
Uaqyt.info
Фото
Ақтөбе облысының, Мәртөк ауданындағы Жайсан ауылында бір жасар қыз құдыққа құлап кетті. Құдай сақтағанда, баланың денсаулығы дін-аман, деп хабарлайды Уақыт. кз.
Бұл туралы “Мой город” сайты жазды. Онда бір жасар баланың ашық тұрған құдыққа түсіп кеткені жазылған. Бүлдіршіннің әкесінің айтуынша, бала екі метр тереңдікке құлапты. Құдай сақтағанда, кішкентай қыздың денсаулығына ешқандай зиян келмеген.
"Қызды қайын атасы шығаруға тырысты, бірақ ол одан сайын тереңге түсіп, көрінбеді. Әйелім қоңырау шалғасын, бірден келіп, досым Даниярға қоңырау шалдым. Ол барлық істерді тастап, Жайсанға келіп, қызымды құтқарып алды", - деді қыздың әкесі.