Перуде шахтада болған апаттан 27 адам көз жұмды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Перудің Арекипа қаласындағы алтын өндіретін шахтада өрт болып, соның салдарынан 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Вbc басылымының жазуынша, шахтадағы өрт тоқтың қысқа тұйықталуынан болған. Қазір апат болған жерде тексеру амалдары жалғасып жатыр. Алдан ала болжам бойынша, апаттан 27 адам көз жұмған. Тағы бірнеше жұмысшы құтқарылды. Айта кетейік, бұл Преудегі соңғы оны жылдықта болған ең ірі апат ретінде тіркелді.