Thursday, 19 September,2024

Петропавлда 14 жастағы оқушыны зорлаған педофил ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Петропавлда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды. Қаскөй қамауға алынған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Күдікті Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігі (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалды сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу жүріп жатыр.

Ұсынылатын