Saturday, 23 November,2024

Петропавлда 56 жастағы ер адам суға батып кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Петропавлда балық аулауға барған ер адам суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 7 маусымда болған. Құтқарушылар марқұмның денесін сол күні тапты. Белгілі болғандай, 56 жастағы қала тұрғыны суға спирттік ішімдік ішіп түскен.

Восточный берег» дәмханасының жанында суға шомылуға болмайды. Осындай халық баратын орындарға ескерту белгілерін қойып шықтық, бірақ тұрғындар, демалушылар оны өздігінен алып тастайды. Бұл әрекеттен қауіп жоғалмайды. Сондай-ақ жауапкершіліктен де құтылмайды. Әкімшілік кодексте 364 бап бар, яғни бұл рұқсат етілмеген жерге суға шомылуға байланысты. Бірінші рет ескертіледі, екінші рет бір жылдың ішінде қайталаса айыппұл салынады. Көл басында спирттік ішімдік ішкендерге де жауапкершілік бар”, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын