- Басты жаңалықтар
- Сот
- Петропавлда 9 мамыр көлігіне жұлдыз, ұшақ суреттерін жабыстырған ер адам сотталды: Ол полицияға бағынбаған
Петропавлда 9 мамыр көлігіне жұлдыз, ұшақ суреттерін жабыстырған ер адам сотталды: Ол полицияға бағынбаған
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлерге бағынбай, көлігіндегі жапсырманы шешпеген ер адам сотталды, деп хабарлайды деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Қазинформ жазды. Дерекке сүйенсек, Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 12 мамырда Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 667-бабының 2-бөлігіне сәйкес - бір жыл ішінде қайта құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау бойынша К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, сот оны кінәлі деп таныды. Ер адам 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
"9 мамыр күні сағат 12.45-те Петропавлдағы "Западный" бақылау-өткізу бекетінің маңында Мамлютское тас жолының бойында К.-ны автопатруль тоқтатқан. Одан полиция қызметкері қозғалыс кезінде көрініске кедергі келтіруіне байланысты, автокөлігінің алдыңғы бүйір терезелеріне жапсырылған жұлдыз және ұшақ суреттерін шешуді талап еткен. Алайда жүргізуші құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабын орындамаған", - делінген ақпаратта.
Тұрғын осыдан бір жыл бұрын дәл осылайша полицейлердің талабын орындамай әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза шарасы қолданылған.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.