Петропавлда 95 жастағы қария өз-өзін жарып жіберді
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Петропавлда әйелімен ұрсысып қалған қария өз үйін газ балонымен жарып жіберді. Денесінің 60 пайызын күйік шалған ол ауруханада жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Екінші дәрежелі күйік алған. Беті мен мойны, жамбасы мен саны, шап аймағы, қолы мен жауырыны, білегі күйген. Жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Оның үстіне науқастың жасы да үлкен”, – деді Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Сайлау.
Қазір бұл дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.