Петропавлда бір отбасының үш адамын өлтіріп кетті
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Петропавлда бүтіндей бір отбасы мүшелерін өлтіріп кетті. Жұмысшылар ауылынан ер адам, оның әйел және 17 жастағы жеткіншектің денесі табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктілер ұсталып, қамауға алынған. Әзірге олардың неліктен үш адамды өлтірген тергеліп жатыр.
“Полицейлер Петропавлдың екі тұрғынын жедел анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Іс ҚР ҚК-ның 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді”, - деп делінген ақпаратта.