Friday, 18 October,2024

Петропавлда кішкентай қызын терезеден лақтырмақ болған әке жазаланды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Петропавлда бір жасар қызын терезеден лақтырмақ болған әке 120 сағаттық жұмысқа жегілді. Айта кетейік, ол мұндай қадамға әйелімен жанжалдасқан соң барған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Петропавл қалалық сотының хабарлауынша, қылмыстық іс ҚК 115-бабы (Қорқыту) бойынша қаралған. Сотта кінәлі өз ісіне өкінетінін және мұндай жағдай болашақта қайталанбайтынын жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, Петропавлдағы оқыс оқиға 20 қыркүйекте болған еді.

Әйелімен жанжалдасып қалған күйеуі бір жасар қызын терезеден лақтырмақ болды. Ол осы әрекеті арқылы әйелін қорқытпақ болған. Петропавл қалалық сотының шешімімен ол ҚР ҚК 115-бабының санкциясы бойынша ең жоғарғы жазаны арқалады, Яғни, ер адам 120 сағат қоғамдық жұмысты істейді.

 

Ұсынылатын