Петропавлда нәресте көлік ішінде дүниеге келді
Uaqyt.info
Фото pixabay
Петропавлда көлік ішінде босанған әйелге жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетіп, баланың өмірін арашалап қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Петропавлда Нива көлігінің ішінде дүниеге келген баланың өмірін жедел жәрдем қызметкерлері арашалап қалды. Оқыс оқиға сәуір айының соңында болған. Облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының директоры Юрий Белоногтың айтуынша, шарана өмірге кіндігі мойнына оралып келген және ода ешқандай өмір белгілері болмаған. Тек медицина қызметкерлерінің араласуымен оған көмек көрсетіліп, нәресте тірі қалды. Қазір ананың да, баланың да жағдайы жақсы.