Monday, 16 September,2024

Петропавлда өрттен үш адам қаза болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Петропавлда тұрғын үйлердің бірінен шыққан өрттен бойжеткен мен 2 бала қаза болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 25 қыркүйекте Петропавлдағы Волочаевская көшесіндегі тұрғын үйден шыққан. Соның салдарынан 20 жастағы бойжеткен, 5 және 1 жасар бала тірідей жанып кетті.

19 шаршы метрді шарпыған өртті сөндіруге жеке құрамның 15 адамы және 3 техника жұмылдырылған. Әзірге өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Ұсынылатын