Thursday, 19 September,2024

Петропавлда өрттен үш жасар бала қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, бүгін, 24 қазанда сағат 10:00-де 10 қабатты тұрғын үйдің 9-қабатында өрт шыққан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Келген кезде пәтерде жиһаз бен үй заттары өртеніп жатты. Сөндіру барысында 10 адам эвакуацияланды. Сағат 10:14-те өрт сөндіру қызметі жалынды сөндірді - жеке құрамның 12 адамы және 4 техника. Өрт салдарынан уланып қалған 2020 жылы туған бала болды, ол жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Дәрігерлер баланың қайтыс болғанын анықтады", - деп хабарлайды СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Ұсынылатын