Петропавлда пәтер кезегіндегі жетім баланы 7 айға кейінге ысырып тастаған
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Петропавлда жетім баланың құқы аяққа тапталды. Пәтер кезегінде тұрған оны 7 айға кейінге шегеріп тастаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті дерегіне сүйенсек, 2018 жылдың ақпанында келіншек патронаттық тәрбиедегі 2011 жылы туған баласын мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне қойған. Бірақ тексеру кезінде тізім заңсыз кейін жылжып, кезекке тұру уақыты қыркүйекке бірақ жеткен.
Бұл жағдай бойынша әйел әкімдікке шағымданғанымен, ол жақта заңсыздықты түзеуге ниет білдірмеген көрінеді. Сол себепті петропавлдық тұрғын департаментке шағымданып, шара қолдануды сұрапты.
Нәтижесінде жетім баланың құқығы қорғалды. Пәтер кезегіндегі орнын қыркүйектен ақпанға ауыстыру арқылы ол 67 орынға өзгерді.