Петропавлда жүрегі тоқтаған тұрғын 18 минуттан кейін қайта тірілді
Алмас Абылай
Фото pixabay
Петропавлда 54 жастағы тұрғын клиникалық өлім жағдайына түсті. Бірақ дәрігерлер көмегімен араға 18 минут салып, қайта тірілген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Клиникалық өлім жағдайына түскен тұрғын туралы Petropavlovsk.news сайты жазды. Дерекке сүйенсек, әйел бронх демікпесіне шалдыққан екен. Осылайша кенеттен тынысы тарылып, қан айналымы тоқтап қалған.
"Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері бірден реанимациялық жұмыстарды бастаған. 18 минут салып, дәрігерлер 7-ші циклде ғана жүректі қалпына келтірді. Осылайша әйел тыныс ала бастады", - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінен шығарылған. Жағдайы қалыпты.