Поддубный лигасында қазақ қызы ресейлік чемпионнан жеңісті жұлып алды
Uaqyt.info
Фото
Алматыда күрес түрлерінен өтіп жатқан Поддубный лигасында Жәмилә Бақбергенова жеңіске жетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Telegram-дағы Бек спорт арнасының жазуынша, отандастарымыз арасынан өнер көрсеткен Жәмилә Бақбергенова PWL-2 турнирінің екі дүркін чемпионы, ресейлік Ксения Буракованың осал тұсын тауып, жеңіске жетті. Жерлесіміз 4:5 есебімен ұтылып жатып, соңында екі ұпай еншіледі.
Айта кетейік, бұл додада қырғыздардың да бағы жанды. Қырғыз балуандары Жоламан Шаршенбеков те, Ақжол Махмұдов жеңіске жетті. Соңғысы екі дүркін Олимпиада, үш дүркін әлем чемпионы Роман Власовтан басым түсті.