Пойызда белгісіз ер адам 3 жолаушыны пышақтап тастады
Алмас Абылай
Фото Kyodo
Жапонияның батысындағы Осака қаласында ер адам пойыздағы 3 жолаушыны пышақтап тастады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Kyodo агентті дерегінше, қылмыскер тұтқындалған. Әрі пышақталған жолаушылардың да өміріне қауіп жоқ.
Станция қызметкері жедел көмек қызметіне хабарласып, пышақтау оқиғасы туралы жергілікті уақытпен таңғы 10:25 шамасында полицияға хабарлаған. Болжам бойынша, оқиға пойыз жүріп бара жатқан кезде болған.
Полиция оқиға орнында Казуя Симидзу есімді ер адамды тұтқындады. Ол пышақтағанын мойындады. Бірақ себебін түсіндірмеген. 37 жастағы Симидзуді станцияда тұтқындаған кезде үш пышағы болыпты.
Ал зардап шеккен жолаушылардың бірі 20 жастағы ер адам және 70 жастағы жолаушы мен 20 жастағы пойыз жолсерігі ауруханаға жеткізілді. Билік өкілдері ешқайсысында өміріне қауіп төнетіндей жарақат жоқ екенін мәлімдеді.