Полицейді өлтірген: Терроризмді насихаттады деген күдікпен 12 адам ұсталды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана, Атырау және Жезқазған қалаларында радикалды діни ағымдарды насихаттаған бір топ адамды ұстады. Олар ел арасында экстремистік идеологияны таратып, жандарына жақтастар жинаумен айналысқан. Ұсталғандардың дені бұрын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін істі болғандар, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Фигуранттардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тінту барысында тыйым салынған әдебиеттер мен басқа да дәлелді заттар айқындалды. Топтың бірқатар мүшесі полиция қызметкерін өлтіру, бандитизм, қарақшылық, тонау және зорлау секілді ауыр қылмыстар жасағандары үшін бұрын сотты болғандар”, - делінген хабарламада.