- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Полицейдің саунада қыздармен көңіл көтерген бейнежазбасы интернетте тарап кетті
Полицейдің саунада қыздармен көңіл көтерген бейнежазбасы интернетте тарап кетті
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Полицейдің қыздармен саунада көңіл көтерген бейнежазбасы жұрт назарына түсті. Тіпті бұл әрекет қызу талқылануда, деп хабарлайды, Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Ондағы дерекке сүйенсек, оқиға Қырғызстанда болған. Аталмыш елдің тәртіп сақшысы саунада қыздармен отырған жерінде ұсталыпты. Көңіл көтерген полицей тіпті ащы суға мас болған.
"Қызметтік киіммен отырған полицей мас күйінде болды. Оқиға Шу облысында тіркелді. Жергілікті құзырлы орган бұл жағдай бойынша тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады", - делінген ақпаратта.
Желідегі жұрт бұл жағдайға түрлі пікір қалдырған. Бірі полицей де адам, ол да демалуға құқы бар дегенді жазса, енді өзгелері тәртіп сақшысын жазаға тарту керек деп отыр.