Полицейге шабуыл жасаған күдіктіге сот үкімі шықты
Солтүстік Қазақстан облысында полицейге шабуыл жасаған ер адам 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Естеріңізге сала кетейік 35 жастағы тұрғын былтыр қазан айында дәмханада шу шығарып, артынан полицейге қол жұмсаған болатын. Сотталушы ол кезде масаң күйде болған.
“Ол өзінің іс-әрекетімен учаскелік полиция инспекторының денсаулығына зиян келтірді. Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тамыз айында сот шешешімімен ер адамға пробациялық бақылау орнатылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу үкімі шығарылды. Естеріңізге сала кетейік, іс-әрекеттің ауырлығына қарай Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігінің санкциясы 4 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзету жұмыстарына жұмсауды, не болмаса мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе 2 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны көздейді. Болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған”, – деді полиция бөлімінің бастығы Талғат Кенжетаев.