Полиция бастығының қыз зорлағаны рас па? Шындық айтылды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қыз зорлады деп күдікке ілінген полиция бастығына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Қылмыстық кодекстің 120 бабы, 2-бөлігі бойынша Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы күдікті деп танылып, уақытша ұстау мекемесіне қамалды. Тергеу жалғасуда. Іс Ішкі істер министрінің тікелей бақылауында”, - деді Атығай Арыстанов.
Uaqyt.info бұған дейін Талдықорғанда полиция бөлімінің бастығы қыз зорлады деп күдікке ілінгені туралы жазған болатын.