Sunday, 24 November,2024

Полиция мен прокуратура көз жұмып келген: Түркістан облысында 14 жасар қызды үлкен сыныптың оқушысы зорлады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Түркістан облысында сұмдық жағдай. 11 сынып оқушысы 14 жастағы қызды қорқытып зорлап келген. Тіпті оның әрекетіне шағымданған анаға құзырлы органнан бірде-бір қолдау болмапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жантүршігерлік жағдайды қоғам белсендісі Дина Таңсәрі жазды. Оның сөзіне сүйенсек, оқиға 2022 жылы басталған.

"18 жастағы 11 сыныптың оқушысы дәл сол мектепте оқитын 14 жасар қызды қорлаған. 7 сыныптың оқушысын пышақпен қорқытып, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлепті. Дәл осындай істі ол 9 мәрте қайталаған. Қыздың анасы жағдайды білгеннен кейін бірден Сайрам аудандық полиция басқармасына арызданады. Бірақ ол жақтан қайран болмаған. Кейін полицияның әрекетсіздігіне күйінген жәбірленуші тарап прокуратураға шағымданады. Бірақ ол жақтан да ешбір қолдау көрсетілмеген", - деп жазады ол.

Сонымен қатар Дина Таңсәрі осы жағдай бойынша Бас Прокуратура мен министрлікке шағым жолдағанын және нақты тексеріс жүргізіліп тиісті шешім қабылдануын талап еткен.

Ұсынылатын