Saturday, 23 November,2024

Полиция Нұрболат Дәкебаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Нұрболат Дәкебаевтың ұсталуына қатысты полиция пікір білдірді. Өйткені әлеуметтік желіде күдіктінің тәртіп сақшыларына өз еркімен берілді деген ақпарат тараған болатын. Алайда вдеомство бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Іздеудегі күдікті Дәкібаев заңды түрде де және іс жүзінде де өз еркімен берілген жоқ. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамның өз еркімен берілуі қарастырылған. Бұл жағдайда айыбын мойындау немесе полиция бөліміне өз еркімен келуі болған жоқ. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларының кешенін жүргізіп, нәтижесінде мемлекетаралық іздеуде жүрген Дәкебаев ұсталды", - деп түсіндірді Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов

Ұсынылатын