Friday, 27 December,2024

Полиция полковнигінің хан сарайындай үйі желіде қызу талқыға түсті

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Үдергеновтің зәулім сарайы көпті таңдай қақтырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полиция полковнигінің үйінің видеосы Telegram -дағы арналардың бірінде жарық көрді. Онда ғажап салынған үш қабатты коттеджді көруге болады. Зәулім сарай биік дуалмен қоршалған. Ал сыртында қымбат көлік тұр. Видео авторының айтуынша, Бауыржан Үдергенов бірқатар заңсыздықтарға жол берген.

«Міне, біздегі полиция қызметкерлері осындай үйде тұрады. 2019 жылы Бауыржан Үдергенов бірқатар заңсыздықтарға жол беріп, қол астындағы қызметкерлері арқылы қылмыстық істерді жылы жауып тастады. Оның ішінде мен де бармын. Бірақ ол әзірге ешқандай жауапкершілікке тартылған жоқ», - дейді видео авторы.

Ал желі қолданушылары Үдергеновтің үйіне қатысты түрлі пікір жазып жатыр.

«Әйелі немесе әжесі бизнесмен шығар», «Полковник ол жерде жай ғана квартирант», «Полковник бір айлығына осындай сарай сала ала ма? Бұл жерде мәселе басқада секілді», «Погон таққан бандиттер», - деп түрлі пікір жазды желі қолданушылары.

Ұсынылатын