Saturday, 23 November,2024

Полиция қалта ұрыларын халықтың жазасынан аман алып қалды

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Түркістандағы мал базарында қалта ұрыларын халықтың өзі жазаламақ болды. Алайда әккі қуларды тәртіп сақшылары аман алып қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Түркістан облысының Сайрам ауданында бірнеше адамға қатысты полиция тергеу жұмыстарын бастады.

Мал базарда қалта ұрысы мал алуға келген адамдардың ақшасын ұрлаған. Куәгерлердің сөзінше, соққыға жығылған ер азамат қалта ұрысы болып шыққан. Ұрлық үстінде ұсталған оны сол маңдағы адамдар жазаламақ болды.

“Оқиға орнына сол маңға жақын жүрген полицейлер жіберілді. Олар бір адамға жабылған бірнеше ер адамды ұстады. Бәрі де полиция бөлімшесіне жеткізіліп, сұралып жатыр”, – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұрлық жасады деген адамның үстінен полицияға ешкім арыз түсірмеген.

Ұсынылатын