Saturday, 5 October,2024

Пранк түсіремін деп 3,5 жылға сотталған блогер бостандыққа шықты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Атышулы блогер Айдын Түсіпов бостандыққа шықты. Ол Мәскеуде пранк түсіремін деп бас бостандығынан айырылған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Айдын Түсіпов 2023 жылдың 14 қыркүйегінде Ақмола облысындағы қылмыстық-атқару жүйесінің №1 мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Қарағанды ​​қаласына тұрғылықты жеріне жөнелтілді”, – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 2021 жылдың наурызында блогерлер Айдын Түсіпов, Рамир Хасанов және Ерсін Дүмшебай Мәскеуде такси көлігін шақырып, көлікті ұрлап кеткен еді.

Жүргізушінің әбігерге түскенін үшінші блогер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Кейіннен олар көлікті қайтарып, такси жүргізушісіне пранк екенін айтқанымен, Мәскеу аудандық соты оларды жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Қыркүйек айында Айдын Түсіпов Қазақстанға экстрадицияланған болатын.

Ұсынылатын