Президент Бишімбаев ісіне қатысты министрге тапсырма берді
Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ Ержан Сәденовпен, Бас прокурор Берік Асыловпен, Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевпен кездесіп, барқтара тапсырма берді. Соның ішінде қоғамда үлкен резонанс туғызған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың да ісі бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел. Заңсыздық, тәртіпсіздік, мәдениетсіздік елді жарға жығады. Мұндай жағымсыз үрдіске бүкіл қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Ал тәртіпке бағынған қоғам өркениетті болады. Бұл – заңдылық. Әр азамат еліміздің заңын құрметтесе, береке-бірлік те, бақуатты тұрмыс та болады”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.