Sunday, 24 November,2024

Президент болғысы келген партия орынбасары педофил ма? Өгей қызы Төлеутай Рахимбековтен қорлық көрдім деп дабыл қақты

Алмас Абылай
Фото

Президентікке үміткер болған, қазір Ауыл партиясы басшысының орынбасары Төлеутай Рахимбековтің адам шошырлық әрекеті жария болды. Масқара жағдайды өгей қызы әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Айбота Рахимбекованың бейнеүндеуі әлеуметтік желіде тарады. Видеода ол Төлеутай Рахимбековтың өгей қызы екенін әрі кішкентай кезінде қандай қорлық көргенін жайып салады. Яғни 8 жасынан бастап жыныстық зорлық көрген. Тіпті жағдайды анасы байқаса да құпияда ұстауды жөн көріпті.

"8 жасымда әкем тарапынан жылы көзқарас байқалатын. Бірақ оның әрекеті аймалауға ұласып, соңы физикалық қорлықпен аяқталды. Мен қорыққанымнан ешкімге жақ аша алмадым. Ал ол арам пиғылын 1 жыл бойына жасады. Ал 10 жасқа толғанда әпкем үйде жалаңаш жатқан жерімнен келіп қалған. Жыныс мүшем ісіп кеткен. Кейін анам бұл жағдайды құпия қалдыру керек деп шешіпті", - дейді Айбота сөзінде.

Сонымен қатар ол өгей әкесінің жалаңаш келіп тиіскенін, тіпті қарап тұрып жыныс мүшесімен ойнағанына дейін айтып береді.

Желідегі жұрт бұл жағдайдың адам шошырлық әрекет екенін айтуда.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by UAQYT.INFO (@uaqyt.info)

Ұсынылатын