Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясын шақырды
Уақыт.кз
Фото
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Уақыт.кз.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы 2023 жылы 26-27 сәуір күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді", - делінген хабарламада.