Wednesday, 15 May,2024

Президент қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Президент Instagram-дағы парақшасында жазды.

Президент өз құттықтауында өскелең ұрпақ еліміздің ертеңі екеніне тоқталып, мемлекет жас өрендердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасайтынын атап өтті.

«Мектептің жаны – мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, ұстаздың бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Әр оқушының тұлға болып қалыптасуында мұғалімдер маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз педагогтерді әрдайым қолдаймыз.

Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақтың қолында! Олардың оқуда озат болып, қоғамның барлық саласында биік белестерді бағындыруына тілектеспін! Жастарымыз келешекте Отанымызға адал қызмет етіп, оның дамуына үлес қосатынына кәміл сенемін! Білім күні құтты болсын!», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев

Ұсынылатын