Sunday, 28 April,2024

Президент қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Президенттің құттықтау сөзін Telegram-дағы Ақорда арнасы хабарлады.

“Бұл – мейірімділікті, бейбітшілікті, әділдікті дәріптеп, жұртшылықты қайырымдылық жасауға, жақындарына жанашыр болуға шақыратын мейрам. Мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына негіз болып отырған гуманизм, діни төзімділік және тілеулестік сияқты құндылықтарды орнықтыруға Православ қауымы зор үлес қосып келеді. Қазақстанда заң үстемдігін орнықтыру, азаматтарға тең мүмкіндіктер ұсыну және олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін ауқымды өзгерістер жалғаса береді. Біз жалпыұлттық бірлікті нығайтып, баға жетпес байлығымыз – этностар мәдениетінің және діни салт-дәстүрдің әралуандығын сақтаймыз. Пасха мерекесі әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін!”, - деді Президент.

Ұсынылатын