Monday, 17 June,2024

Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянды қабылдады

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай коммунистік партиясы ОК Саяси кеңесі тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянды қабылдады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Кездесу барысында қазақ-қытай стратегиялық серіктестігінің жай-күйі және оны дамыту перспективасы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтарын екі ел үкіметтерінің іске асыру барысы талқыланды.

“Қытаймен екіжақты қатынасты мүлде жаңа деңгейге көтеру Қазақстанның маңызды стратегиялық басымдығы саналады. Шын мәнінде, қазақ-қытай байланыстары өзара тиімді мемлекетаралық ықпалдастықтың үлгісін көрсетеді деп ойлаймын. Біз Қытайды өте маңызды стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз және барлық саладағы ынтымақтастықта нақты нәтижеге қол жеткізетінімізге үлкен үміт артамыз”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұсынылатын