Monday, 16 September,2024

Президент Садыр Жаппаров әлемдік футбол жұлдыздарымен бірге доп тебеді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қырғызстан президенті әлемдік футбол жұлдыздарымен бірге доп тебеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қырғыз президенті Садыр Жапаров 30 тамызда жасыл алаңға шығып, әлемдік мегажұлдыздармен бірге футбол ойнайды. Бұл туралы el.kz жазды.

Бауырлас елдің астанасына алда әлемдік жұлдызды ойыншылар ат шалдырады. Бұл жолы олар елдің президентімен бірге доп теуіп, жұртшылыққа ғажап ойын өрнегін көрсетуге ниет білдірген.

Олардың қатарында Роналдиньо, Ривалдо, Карлес Пуйоль, Ривалдо, Эдгар Давидс, Хавьер Савиола, Рональд де Бур, Джовани да Силва, Хуан Антонио Гойкоэчеа, Хидетоши Наката, Андрей Канчельски секілді ойыншылар бар. Ал елдің басшысы аталған аңыздарға қарсы ойнап, өзінің қаншалықты футболшы екенін дәлелдемек. 

Ұсынылатын