Monday, 16 September,2024

Президент Вьетнамға барады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруымен 20-22 тамыз күндері Ханойға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ақорданың ақпаратына сүйенсек, Вьетнам елінің басшылығымен келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланады. 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіп нысанын аралап көріп, Вьетнамның ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Ұсынылатын