Sunday, 5 May,2024

Президент VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді

Алмас Абылай
Фото Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді, деп хабарлайды Уақыт.кз.

Telegram-дағы aqorda_resmi арнасының хабарлауынша, жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері мен басқа да азаматтар шақырылған.

Парламенттің бірлескен палаталарының отырысындағы Президенттің сөйлейтін сөзі 29 наурыз күні сағат 10:00-де республикалық телеарналарда және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі.

Ұсынылатын