Saturday, 18 May,2024

Президент «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады

Алмас Абылай
Фото

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Telegram-дағы Ақорда арнасы жазды. Онда Берік Уәлидің Президентке «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының қызметін заман талабына сай жаңғырту жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндағаны айтылған.

Берік Уәлидің айтуынша, Агенттік қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қолдау шараларына, жаңадан құрылған облыстардың орталықтары – Жезқазған, Қонаев қалаларында меншікті тілшілер пункттерін ашуға қатысты мәселелер шешілген.

Мемлекет басшысына «Хабар» Агенттігін» техникалық тұрғыда жаңғырту жоспары, 2022-2023 жылдары акционерлік қоғамның құрамына кіретін телеарналарда қолға алынған ақпараттық, қоғамдық-саяси және танымдық жобалар жайлы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің атқарған жұмысын оң бағалады және мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

 

Ұсынылатын