Friday, 22 November,2024

Оппозицияға қарсы Мереке Құлкеновті Тоқаев қабылдады

Uaqyt.info
Фото

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновті қабылдады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Telegram-дағы Ақорда арнасы жазды.

Кездесуде ел бірлігін нығайту, қоғамдық құндылықтарды дәріптеу ісінде қаламгер қауымның атқаратын рөлі қарастырылды.

Мемлекет басшысы Жазушылар Одағы ұлттық интеллигенцияның басын қосып отырған қара шаңырақ екенін айта келіп, ақын-жазушылардың халық әдебиетін ұрпақтан ұрпақ а жеткізіп, қоғамның бірлігін нығайтудағы еңбегі зор екеніне назар аударды.

Президенттің пікірінше, бүгінгі уақыт талабы басқа. Оқырманның талғамы, қоғамның құндылығы – барлығы өзгеріп келеді. Сондықтан шығармашылық ортаның жұмысы да бүгінгі заман талабына сай болуы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ әдебиетінде қазіргі оқырман талғамына сай, іздеп жүріп оқитын қызық туындылар жазылуы керек екеніне айрықша тоқталды. Сонымен қатар жас ақын-жазушылардың шығармашылығына ерекше назар аудару қажет екенін атап өтіп, мемлекет тарапынан қаламгерлерді қолдау шаралары жалғаса беретінін айтты.

Мереке Құлкенов Президентке Жазушылар одағының жуырда өткен съезінде талқыланған маңызды ұсыныстар мен ұйымның алдағы жоспары жөнінде баяндады.

Атап айтқанда, Жазушылар Одағының төрағасы Президентке «Мәдениет туралы» заңға қазақ жазушыларының шығармаларын басып шығаруға және кеңінен таратуға септігін тигізетін арнаул ы нормалар енгізу жөнінде ұсыныс айтты.

Ұсынылатын