Президенттің үлкен қызы лауазымды қызметке тағайындалмақ
Алмас Абылай
Фото Азаттық
Өзбекстанда Шафкат Мирзияевтің үлкен қызы Саида Мирзияева президенттің бірінші көмекшісі қызметіне тағайындалмақ. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Дерекке сүйенсек, бұл жаңарған президент әкімшілігіндегі ең жоғары қызмет болмақ. Президенттің баспасөз қызметі 15 тамызда президент әкімшілігінің жетекшісі Сардор Өмірзақовтың қызметтен кеткені жөнінде ақпаратты растаған.
Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының жарлығы бойынша президент әкімшілігінің жетекшісі қызметі жойылған. Бұған қоса, енді әкімшілік жетекшісінің аймақтағы көмекшісі қызметі де болмайды.