Sunday, 8 December,2024

Президенттің Жарлығымен Юрий Ильин лауазымынан босатылды

Uaqyt.info
Фото

Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Telegram-дағы Ақорда арнасы хабарлады. Онда Юрий Ильиннің қызметінен босатылғаны айтылған. Айта кетейік, Абай облысындағы алапат орман өртіне байланысты Президент қызметтік сапарларын кейінге қалдырған болатын. Орман өртінен үш адам қаза тауып, 11 орманшы іздестіріліп жатыр. Uaqyt.info орманы өрті туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.

Ұсынылатын