Friday, 18 October,2024

Пригожин өлімі: Апатқа ұшыраған ұшақ бортындағы стюардесса Қазақстанға жерленген

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Вагнер жетекшісі Евгений Пригожиннің өмірін қиған ұшақта Кристина Распопова есімді стюардесса да қаза тапты. Кейін бортсеріктің денесі Қазақстанға жерленгені белгілі болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Telegram арналардың бірінде Пригожин ұшағының стюардессасы Қазақстанға жерленгені жазылуда. Тіпті марқұмның анасы Қазақстанда тұратыны анықталған.

Ал әпкесі Елена Абраменкова Кристинаның жеке басын растау үшін ағасы ДНК сараптамасын тапсырғанын айтты. Кристина Распопова – Челябі облысы, Еманжелинск қаласы прокурорының орынбасары Евгений Распоповтың әпкесі.

Қайғылы жағдайдын сәл бұрын қыз туыстарына рейстің кешігіп жатқанын айтып, шағымданған.

Ұсынылатын