Friday, 22 November,2024

Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Прокурор Гүлмира Сатыбалдыға 8 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Елордадағы Байқоңыр ауданының №2 сотында Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Бұл жолы прокурор Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйеліне 8 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындауды сұрады.

"Г. Сатыбалдыға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабының 4-бөлігі бойынша мүлкін тәркілеусіз 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлігі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", – деді прокурор Азамат Сәрсембаев.

Сонымен қатар прокурор сөзінде оның мүлкін тәркілемеу және орта режімдегі қапаста жазасын өтеу ұсынысы да бар.

Еске салайық, Гүлмира Сатыбалды адам ұрлау, өзінше билік ету баптарымен айыпталуда. Ол 2022 жылдың наурыз айында ұсталды.

Ұсынылатын