Saturday, 23 November,2024

Путин өшін алды ма? Пригожин өлгеннен кейін саясаткерлер мен элита қайғы жұтты

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Вагнер жетекшісі Пригожин мінген ұшақ апатқа ұшырағаннан кейін Ресей билігі борттағы 10 адамның да көз жұмғанын мәлімдеді. Десе де бұл жағдайға саясаткерлер мен элита қатты қайғырып отыр. Тіпті Путинді тақтан құлата жаздаған жалдамалылар жетекшісінің иті істерін еске алуды бастап кетіпті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС бірқатар саясаткер мен элита өкілдерінің пікірін жинақтаған. Онда бәрі дерлік Пригожин мен Вагнердің бас командирі Дмитрий Уткиннің өлімі жайдан жай емесіне мән беруде. Тіпті бұған дейін Путинді тақтан құлата жаздаған әрекетінің зардабын шеккен болуы мүмкін деген де болжам жасаған.

Мысалға жазушы Захар Прилепин Пригожин мен Уткинді нағыз елдің батырлары деп отыр. Олардың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілік ерекше болатын. Олар ақша мен мансапты ойлаған жоқ, керісінше елдің тағдырына алаңдайтын деп жазады. Ал Царьград телеарнасының негізін қалаған Константин Малофеев Пригожинді рестораторлық қызметін Отанды қорғауға, Ресей жауларымен алысуға арнаған азамат екенін айтады. Көзсіз батырлығы мен қайтпас мінезі биліктегілер үшін қиындық тудырғанын да жасырмаған. Владимир Соловьев болса керісінше бұл апатты Украина тарапынан көріп отыр.

Дей тұрғанымен Ресей оппозициясы бұл жағдай толықтай билік тарапынан жасалған қастандық екенін мәлімдеуде. Себебі Пригожин көптеген шенділердің қорқынышы болған. Саясаткер Кирилл Рогов Пригожиннің өлімін Шойгумен байланыстырып отыр. Путинге Украина қарымта шабуылына төтеп беру арқылы Вагнер жетекшісін өлтіруге рұқсат алған деген ойын жазуда.

Не де болса бұл апатқа нақты байлам жоқ. Әр тарап өз ыңғайына қарай топшылауда.

Ұсынылатын