Saturday, 23 November,2024

Путин Қазақстанға келеді: Министрлік себебін түсіндірді

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Елімізге Ресей Президенті келмекші. Әзірге нақты датасы белгісіз. Бірақ сыртқы істер министрлігі оның өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін келетінін түсіндірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Форум Қостанайда өтеді. Бұл - жылда өтетін дәстүрлі форум. Бір жыл Қазақстанда, бір жыл Ресейде ауысып болып отырады. Екі ел президенттері мен шекарада орналасқан облыс басшылары бас қосады. Форумның арқасында шекара маңындағы аймақтар келісімге келіп, қол қояды. Шекаралас болғаннан кейін сауда-саттық, адамдар арасындағы қарым-қатынас болуы керек", - дейді министрлік өкілі.

Сондай-ақ Смадияров Путиннің қатысатын шарасына қанша ақша бөлінетінін білмейтінін де айтты. Бірақ бұл үлкен дайындықты талап етеді деп отыр.

Ұсынылатын